Жылжымалы тұрғын үйлері
Жылжымалы тұрғын үйлері. Қазақстан аумағындағы ерте Темір дәуіріндегі сақ тайпалары доңғалақты арбаларға киіз үй-тәріздес баспаналарын қойып, осылайша жаңа қоныстану дәстүрі мен өмір салтын ойлап тапқан. Енді көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халықтар орасан зор аумақтарды «дөңгелектен түспей» көшіру арқылы өмір сүре алған. Осы өмір және жылжу дәстүрі көшпелі шаруашылықты бұрын адам қоныстанбаған Еуразия даласының кең-байтақ кеңістігінде кеңейтуге мүмкіндік берген.