Алып күйме-арбалары
Сол кезде, ірі күйме киіз үйлерге арналған алып төрт-дөңгелекті арбалар кең тараған. 13-ші ғасырдағы саяхатшы Вильям Рубрук жазуынша: «алып арбаның дөңгелектердің арасы 20 фут (6 метр) болса, оның үстінде тұрған киіз үйдің диаметрі 30 фут (9 метр) болған. Сол күйме арбаны 22 өгіз тартқан, яғни олар екі қатармен жүріп, ал бір қатарда 11 өгіз болған». Ұла Даладағы халықтары осындай күйме үйлерде тұрып, «дөңгелектен түспей» алыс қашықтарға саяхаттаған. Сөйтіп, бай-әшекейлеген көп күймелерден құрастырған «көшпелі қалалары» айдалада әдемі айдаған. Бұл бейбіт «бозторғай қой үстінде жұмыртқалаған заманда» орын алған.