Жиһаз жасау өнері
Қазақ дәстүріндегі талай жиһаз түрлері қалған. Осы жиһаздың көбісі мүлдем көшпелі киіз үйдің ішіндегі өмірге арналған. Оның ішінде төсек-керует, үстел, отырғыш, орындық, сандықтар, жастықағаш, адалбақан, кебеже, асадал, жүкаяқ және тағыда басқа жиһаздар бар еді. Қазақ жиһаз жасайтын шеберлері өз бұйымдарын ағаштан жасап, оюлар салып, сүйек және металл әшекейлермен безендірген. Жиһаз жасайтын технология көне заманнан келген көшпелілердің шеберлік дәстүрі болып табылады.