Ат әбзелдері
Көшпелілер ең алғашқы ат әбзелдерін шамалы 4-5 мың жыл бұрын ойлап тапқан. Бұл технология Қазақстан өңіріндегі Сынтасты мен Ботай деген мәдениеттерге байланысты. Мыңжылдықтар бойын ат әбзелдері технологиясы талай эволюциялық өзгерістерден өтіп кеткен. Ал қазақ заманға келгенде, Қазақстан өңіріндегі дәстүрлі ат әбзелдері ең биігіне жеткен. Қазақтар бірнеше ер-тоқым түрлерін ойлап тапқан: найман, арғын, адай, үйрекбас, құранды, ақбас, ашамай және басқа. Қазақ ат-әбзелдері қолөнер жағыннан да құнды заттар болып табылады. Күміспен, асыл тастармен әшекейленген, әдемі дәстүрлі оюлармен безендірілген, олар қазақтардың мәдени-материалдық атамұрасына жатады.