Сәтбаев Университетінің Ректорлары

Сәтбаев Университетінің Ректоры дәстүр бойынша университетте ерекше орын алады, өйткені ол мыңдаған ғалымдар мен студенттерден құралған ұжымға дұрыс бағыт-бағдар беріп, бүкіл ел үшін маңызы зор инновациялық болашақты жүзеге асырушы тұлға болып табылады.

Университеттің құрылуына Қазақстан ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, академик Қаныш Сәтбаев зор еңбек сіңірді, оқу орны атақты ғалымның арқасында ашылды десе де болады.

Университеттің алғашқы ректоры – Орал-Қазақстан индустриалды академиясының түлегі Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев болды, ол жоқтан бар жасап, тарихтағы алғашқы инженерлік-техникалық институттың кірпішін нөлден бастап қалады. Ғалымның ізбасарлары оның бастаған бастамасын одан әрі жалғастырып, елімізде техникалық даму орталығын құрды. Олардың өмірбаянымен таныса отырып, сіздер университеттің тарихына да шолу жасайсыздар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту