Дәстүрлері мен қазіргі заманы
Университет 1934 жылы Қазақ тау-кен металлургия институты болып құрылған. ХХ ғасырда Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуында, әсіресе геология, тау-кен және металлургия саласының жетілуінде маңызды рөл атқарып, республиканың шикізат базасы мен өнеркәсібінің нығаюына мол үлес қосты.
Бүгінгі таңда Сәтбаев Университеті ғылыми зерттеулер орталығы бола отырып, инженерия және технология саласы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауда маңызды роль атқарып отыр, сөйтіп өз тарихын жалғастыруда. Оның тарихының әрбір парағы болашаққа деген зор сенімге жол ашып, «Ғылым мен білім – адам игілігі үшін» деген басты ұранды насихаттайды.
Міне, дәл осы дәстүр мен қазіргі заманғы жалғастық бізге үнемі жетілуге, ғылыми және инновациялық жетістіктерде жаңа биіктерге көтерілуге мүмкіндік береді.