Киіз басу
Киіз басу өнері де Қазақ дәуірінде мықты дамыған. Бұл сақ заманнан келген технология көшпелі өмір-дәстүрінің ең соңына дейін қазақ халқына пайдалы болған. Киіз - таза көшпелі малшаруашылығының өнімі болып табылатын. Киіздің бірегей қасиеттері оны талай мақсаттарға қолдануға мүмкіндік берген. Қазақтар киізден киім-кешек, баскиімдер, байпақтар, ат терліктер, киіз үйдің сыртқы киімдерін, текемет пен сырмақтарын және басқа бұйымдарын жасаған.